2026 жылғы 15 қаңтар күні Астана қаласы КММ «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары ҚР Ұлттық музейінде «Қолөнер ғаламшары» үйірмесі аясында өткен «Қысқы ертегі» тақырыбындағы сурет салу шеберлік сабағына қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар өз шығармашылық қабілеттерін дамытып, қиялдарын сурет арқылы бейнеледі. Сабақ соңында музей бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия кезінде балалар еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.





Кері байланыс

