Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға,
тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету № 5бөлімшесіндегі қызмет алушыларының
14.03.2022ж.-08.04.2022ж. аралығындағы
«Наурыз-жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты оңалту шарасының қорытынды есебі
Бөлімшенің оңалту кезеңі үш аптаға жоспарланды. Оңалтуға сұранған 54 баланың 44-і оңалтуды бастады.17 жұмыс күнге созылған реабилитацияны соңына дейін 33 бала өтті.
Шаралар бекітілген жоспар аясында өткізілді. Он жеті күндік ем-шара барысында ата-аналарға әр түрлі мерекелік іс-шаралар, тренингтер, мастер-кластар және т.б. пайдалы іс-шаралар өткізілді.
14-наурыз – оңалтудың бірінші күні «Көрісу айты» мерекесімен тұспа-тұс келді. Барлық бөлімше қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, орталыққа келген әрбір бала мен ата-ананы халқымыздың салты бойынша құшақтап, қол алысып, көрісіп қарсы алды. Келушілер ұлттық дәмнен ауыз тиюі үшін, ұлттық тағамдардан дайындалған дастарқан жайылды. Барлық балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Сағат 11.00-де түске дейінгікелушілерге «Action» компаниясының аниматорлары балаларға шоу ұйымдастырды. 12.00-де композитор Азамат Абдрахиев пен эстрада әншісі Жәуке Оңдаған «Көктем көңіл» атты концерт қойды. Сағат 15.00-де «Территория радости» аниматорлар тобы келіп, түстен кейінгі келушілердің көңілін бір серпілтті.Осылай қызмет алушылар күні бойы мерекелік көңіл-күйді сезінді.
15.03.2022күні Фаберлик компаниясының кеңесшісі Алтынгүл Қайырханова «Весна, бережный уход за кожей» тақырыбына мастер-класс өткізді. Аналар күтім жайлы көптеген пайдалы кеңестер алды.
16.03.2022түске дейінгі уақытта «Қоғамдық тамақтану және сервис» колледжінің өндірістік оқыту шебері Искакова Айнагуль Сайланбаевна балаларға қамырдан түрлі пішіндер жасауды үйретті.
Түстен кейін Айсұлу Омарова ата-аналарға трикотаж жіптен кәрзеңке тоқу бойынша мастер-класс өткізді.Аналар өздері тоқыған кәрзеңкені сыйлық ретінде өздерімен алып кетті.
17.03.2022орталықтың психолог маманы Мақпал Қыпшақбаева ата-аналарға арнап «Сіз қандай ата-анасыз?» атты тренинг өткізді.
Түстен кейін психолог, арттерапевт Салтанат Арыстанова аналарға сурет салу арқылы эмоциямен жұмыс істеу жайлы ақпарат берді.
18.03.2022«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік көңілді концерт өтті. Концерттті эстрада әншілері Айбат Маратов, Рүстем Әбдісалам және «Nomad» театрының әншісі Шыныбек Рахмашов өте жоғары деңгейде өткізді. Сонымен бірге қызмет алушы балалар Тумашов Серікқали, Рахматулла Ділдахан, Сейілбек Динара да мерекеде өнерлерін көрсетіп концертке өз үлестерін қосты.
Наурыз тойланып, дастарқан жайылды, ата-аналар ұлттық дәмнен ауыз тиді.
24. 03.2022 «Аналар жіберетін қателіктер» тақырыбында педиатр-реаниматолог дәрігер Саягүл Алиева кәсіби кеңестер беріп, ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап алды.
25.03.2022«Тері күтімі жайлы не білуіміз керек? Күтім жасауға қанша уақыт керек? Тері саулығына арналған чек-лист». Осы бағытта Дәрігер-венеролог, дерматолог, косметолог Абсеева Жанна тәжірибелік бағдар жасап, аналардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби кеңестер берді. Сонымен қатар, ең белсенді тыңдаушы ретінде Калиев Амирдің әжесі Рысты апаға салонның косметологиялық қызметтерін бір реттік тегін қолдануға арналған сертификат ұсынды. Ата-аналардың ризашылығы мен сертификат иесінің қуанышында шек жоқ.
28.03.2022. Нұр-Сұлтан қаласының №2 өнер мектебінің шәкірттері жетекшілерімен бірге «Наурыз-думан» атты үлкен концерт өткізді.
Күннің екінші жартысында психолог маман Гүлнұр Бекботаева МАК карталары арқылы ата-аналармен жұмыс жасады.
29.03.2022Бахытжан Булатовна бастаған @atabayeva_make_up сән салонының кәсіби визажистері мен стилистері аналарға арнап «Өз уақытым» атты сұлулық сағатын өткізді. Макияж бен шаш үлгісі аналардың жүзін нұрландыра түсіп, тек сырт келбетіне ғана емес, ішкі жан дүниелеріне де әсерін тигізіп, өмірге деген көзқарасының жылуына себебін тигізді деп сенеміз.
30.03.2022Бұл күні ата-аналар – Ягушин Денистің анасы мен Калиев Амирдің әжесі эрготерапия кабинетінде асхананы иелік ете отырып, барлық балалар мен олардың ата-аналарына және Орталық қызметкерлеріне де өздері жасаған құймақтан дәм татқызды.
31.03.2022Отбасы банк менеджері Лаура Батырша ата-аналарға жаңа тұрғын үй бағдарламалары мен «Ұмай» әйелдер ипотекасының жаңартылған талаптары жөнінде кеңестер берді.
01.04.2022«2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм жайлы ақпарат тарату күні». Аталмыш күнге орай Орталықтағы іс-шаралар да өте қарқынды өтті. Күн ақпараттық плакатқаәр қызмет алушының алақан таңбасын басумен басталды. Бірнеше қызметкер бүкіләлемдік «Көк жарықты жақ» акциясына өз үлестерін қосып, қала тұрғындарын ақпараттандыруға ат салысты.
Балаларға «Lim-po-po» ұйымының аниматорлары келіп, мерекелік шоу жасады.
Орталықта ата-аналар мен балаларға «Қорқыт баба» мұрасын насихаттаушы қобызшы, зейнеткер ұстаз Кәрібай Бахыткүл апа өз өнерін паш етті. Тыңдармандарын қобыз үнімен елітіп, ерекше күйге бөледі.
Ал түстен кейінгі уақытта қаламыздың танымал кардиолог дәрігері Елена Щетинина «Чтобы сердце работало как часы» атты тәжірибелік сағат өткізіп, аналардың жүрек қағысын тыңдап, қан қысымын өлшеп, кәсіби кеңестерін берді.
04.04.2022. Орталықтың штаттық реабилитолог дәрігері Фатима Дәулетқызын ата-аналармен таныстыру ұйымдастырылып, кездесу сұхбат алмасу түрінде өтті.
05.04.2022 күннің алғашқы жартысында Орталықтың логопед маманы А.Қ. Қажығалиева аналарға үй жағдайында артикуляциялық, тыныс алу және саусаққа арналған ойын жаттығуларын көрсете отырып үйретті.
Екінші жартысында әншілер Айдар Қ., Жәреке Н., Шыңғыс Қ., Базарбек С. Әннен шашу шашып, көңілді концерт өткізді.
Сонымен бірге Орталыққа келген «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмінің кастинг тобына дарынды қызмет алушыларымыз өнерлерін паш етті.
06.04.2022Таңертеңгі уақытта диетолог Жанна Нұрбергенқызы дұрыс тамақтанудың ағзаға әсері және ерекше балалардың диетасы жайлы құнды ақпараттарымен бөлісті.
Түстен кейінгі уақытта енді қызмет алушы балалар винегрет салатын өз қолдарымен жасап, аналарын қуантты. Және де екінші күн түсірілім жүргізіп жатқан кастинг тобының көзіне түсті.
07.04.2022Қаламыздыңтанымал кардиолог дәрігері Елена Щетинина «Чтобы сердце работало как часы» атты тәжірибелік сағатын таңертеңгі топқа өткізіп, аналардың жүрек қағысын тыңдап, қан қысымын өлшеп, кәсіби кеңестерін берді.
Түстен кейінгі топқа Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Арыстан патша» қойылымын қойып барлық тыңдармандарын тәнті етті. Осы күні оңалту алдындағы топтық бағалауға келіп өз кезегін күтіп отырған балалар мен ата-аналар да көрермен болып, Орталық іші бір жанданды.
08.04.2022Оңалту шарасының аяқталу құрметіне орай «Йылмаз» компаниясының иесі Фатих Йылмаз балаларға қасиетті рамазан айында демеушіліктанытып тәтті сыйлықтарын жіберді. Әлеуметтік қызметкерлер аниматор костюмдерімен сыйлық үлестірді. Әнші жігіттер Данияр Сағынтаев, Данияр Мырзахметов, Камал Майданов және Дастан Қошмағанбет балаларға ақ тілектерін арнап, концерт қойды. Қызмет алушы Жақсыбеков Алишер және қалалық «Жұлдыз-ай» байқауының3-орын жүлдегері – қызмет алушы Рахматулла Ділдахан сахнада «Батырлар ұраны» әнімен коцертті аяқтады.
Күннің соңында Орталық директоры Рысты Жағыпарқызы үш апталық оңалту курсы бойынша қорытынды жасап, ата-аналарға жиналыс өткізді.