Реабилитация отделения № 7

Дата публикации:
2022-6-05 в 10:35

25.04.2022ж.-06.05.2022ж. аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» №7  бөлімшенің қызмет алушылары үшін оңалту ем-шарасы өтті. Жалпы бала саны –  44   болды, оның ішінде 4 қызмет алушы денсаулықтарына және отбасылық жағдайға байланысты келе алмады.   40 қызмет алушы толығымен оңалту ем шарасын алды. Он күндік ем-шара барысында ата-аналарға әр түрлі қоғамдық, пайдалы, мерекелік іс-шаралар өткізілді.

25.04.2022ж. оңалту іс-шарасының бірінші күні оңалту ем-шарасы уақытында аналардың бос уақытын ескере отырып, таңертеңгі және түстен кейінгі аналармен ұсыныстарын сұрай, сұхбат жүргізілді. Алғашқы күннің бірінші жартысында аналарға арналған салон қызметкерлері қызметтерін ұсынды.Түстен кейін арнаулы әлеуметтік портал бойынша нұсқаулық берілді.

26.04.2022ж, оңалту іс-шарасының екінші күніхалыққа қызмет көрсету орталығының маманының қызметтері және Отбасы банк қызметкері тұрғын үй бойынша кеңестер берді. Сондай,ақпсихолог Каимова Алия психологиялық тренинг өткізді.Түстен кейін Юлдашева Кынагуль аналарға арналған маникюр қызметтерін ұсынды.

27.04.2022ж. оңалту іс-шараның үшінші күні Гульнара ханым ата-аналарға арналған пайдалы массаж және арттерапевт маманы Салтанат Сериковна арт терапия өткізді.Түстен кейінгі уақытта әлеуметтік қызметкерлер көмегімен қызмет алушылар тәтті бәліш пісіруі іске асырылды

28.04.2022ж. оңалту іс-шараның төртінші күні Таңертеңгі және түстен кейінгі уақытта «Action», «Наргиз» аниматорлары балаларға арналған ісшара өткізді. Сондай ақ қызмет алушы  Нурисламның туылған күні атап өтілді.

29.04.2022ж. оңалту іс-шараның бесінші күні 1-Мамыр мерекесіне орайәлеуметтік қызметкерлер әр ұлттың киімдерін киіп, ата-аналармен әр ұллтың биін билеп аналарымызға мерекелік керемет көңіл-күй сыйлай отырып ұлттық тағамдарынан дәм татты.Іс-шара түстен кейін де жалғасын тауып және №58 мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен тарқасты.

03.05.2022ж. оңалту іс-шараның екінші аптасының бірінші күні аналарға «Холодная плазма» бетке арналған медициналық күтім және бет күтімі жөнінде косметолог дәрігер Муратова Алия кеңес өткізді. Сондай, ақ Айт мейрамына орай айттық дастархан жайылды.Түстен кейін «Позитив» аниматорлары балаларға көңілді күн сыйлап, күннің екінші жартысында келген ата-аналармен балаларға айт дастарханы жайылды.

04.05.2022ж. оңалту іс-шараның екінші аптасының екінші күні Свиридова Н.В аналарға «Ароматерапия» өткізіп, үй жағдайында иіс суды жасау әдісін үйретті.Түстен кейін әлеуметтік қызметкерлер қызмет алушылармен картоппен тоқаш пісіріп еңбектенсе, №53 мектеп  оқушылары концерттік бағдарлама қойып, балаларға сыйлықтар табыстап тәтті тоқаштардан дәм татты.

05.05.2022ж.оңалту іс-шараның екінші аптасының үшінші күні психолог Аяжан Төлеуова «Эмоционалды күйзеліс» тақырыбында тренинг өткізді.Түстен кейін Константин мырза «Химия шоу» іс-шарасын өткізді.

06.05.2022 ж ем-шараның соңғы күнінде оңалту ем-шараның аяқталуына байланысты  таңертеңгі және күннін екінші жартысында  7 –мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай әлеуметтік қызметкерлер ата-аналар және әнші Абрахиева Фариза концерттік бағдарлама қойып, құттықтау іс-шарасын өткізілді.

     Өткізілген оңалту ем-шарасы уақында ата-аналар тарапынан ешқандай шағым теріс мәселелер болған жоқ. Өткізілген мәдени іс-шараларға ата-аналар ризашылығын айтып, алғыс білдірді.

Дата публикации: 2022-6-05 в 10:35
Ссылка: https://cso-jansaya.kz/ru/ru-reabilitacija-otdelenija-7/