Жаңа жыл қарсаңында “Жансая” ӘҚКО-на Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Қожахметұлы Солтанбеков келіп, қызмет алушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады және қалалық әкімдік атынан қызмет алушыларға тәттілер жинағын табыстады.
Іс-шара барысында оқу кабинеттері мен Орталық жұмысы таныстырылды. Орталық мамандарының қажырлы еңбегі мен әлеуметтік қызметкер мамандығының қоғам үшін ерекше рөлі мен маңыздылығын атап өтті.