Орталықтың жетістіктері

Астана қаласы әкімдігінің "Жансая" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

  • 2022–2026 жылдар аралығында дәстүрлі қазақтың «Тұсау кесу» рәсімі 22 рет өткізілді.
  • Орталығымыздың вокал үйірмесіне қатысушы қызмет алушылар жоғарғы оқу орындарына және білім орталықтарына, оңалту орталықтарына барып 3 рет концерттік бағдарлама ұйымдастырды (Назарбаев университетінде, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде, «Сарыарқа ауданындағы Арбатта»);
  • Вокал үйірмесіне қатысушы қызмет алушылар «Таланттар алаңы» Халықаралық өнер байқауына қатысты, Қытай елінде өткен халықаралық музыкалық байқауда өз өнерлерін көрсетіп жүлделі орындар иеленді;
  • 27 қызметкер атқарып отырған лауазымына сәйкес және біліктілік санатын арттыру бойынша аттестациядан өтті;
  • Орталық қызметкерлері «Skills.enbek» онлайн біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификаттар алды;
  • 44 әлеуметтік қызметкер «ҚР әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру» бағыты бойынша біліктілікті арттыру оқу курсын өтті;
  • Орталығымыздың психолог, дефектолог, логопед, еңбек терапия нұсқаушысы мамандары біліктілік арттыру оқу курсынан өтті;
  • Оңалту кезінде тұрақты негізде «аналар мектебі» ұйымдастырылады, 2025 жылы ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында (психологиялық тренингтер, сұлулық қызметтері, мастер-класстар, қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелермен кездесулер) 286 қызмет түрлері жүргізілді.