Ата-аналар жиналысы

Жарияланған күні:
2022-9-06 сағат 11:11

Бүгін Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ” КММ-і біздің қызмет алушылардың заңды өкілдері үшін ата-аналар жиналысын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Нұр-сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы И.В. Скуб және басқарма басшысының орынбасары Нұрғали Қуандықұлы Егембердиев қатысты, сондай-ақ орталықтың директоры Р. Ж. Баймағамбетова атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Ата-аналар орталықтың өміріне белсенді қатысады, олар бірқатар проблемалық сұрақтар қойды, басты сұрақтардың бірі жаңа ғимараттың ашылуы мен бассейнге баруға қатысты болды. Олар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды. Ата-аналар жиналысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар орталық қызметкерлеріне таңдаған жолына адалдығы, үлкен еңбегі, қызмет алушыларға деген мейірімділігі мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді.
Бүгінгі күннің екінші жартысында Орталық қызметкерлері үшін жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында әлеуметтік қызметкердің мәртебесін арттыру, жалақыны көтеру, материалдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй мәселесін, атап айтқанда жалға берілетін тұрғын үй мәселесін шешу сияқты бірқатар проблемалық мәселелер айтылды.

Жарияланған күні: 2022-9-06 сағат 11:11
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ata-analar-zhinalysy/