Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Республика күніне орай орталық тарапынан қызмет алушыларға мәдени демалыс ұйымдастыру мақсатында “ЭКСПО ” көрмесіне шақырылды. Көрме “Болашақ энергиясы” тақырыбында жасалған 8 қабатты дөңгелек сферада орналасқан.Қызмет алушылар мен олардың ата -аналары әрбір қабатта тақырыпқа сәйкес жасалған жобалар туралы қызықты ақпараттармен таныстырылды. Әсіресе 1 қабатта Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен салт – дәстүрі, әдет- ғұрыптары қамтылған стенд ата – аналар мен балалар үшін қызықты болды. Қызмет алушылар мен ата – аналар жақсы көңіл – күймен, алғыстарын жаудырды.