Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2011жылғы 20 қазандағы жарлығымен, қазанның соңғы демалыс күні әлеуметтік қызметкерлер мерекесі болып бекітілген. Әлеуметтік салада еңбек етіп келе жатқандарыңыз еліміздің кәсіби мерекелерінің тізімінде пайда болуы осы салада еңбек атқаратын қызметкерлер жұмыстарының қоғамдық мәнділігін тану ғана емес, бұл мемлекеттік саясатымызда әлеуметтік саланың даму көрсеткіші. Осы орайда Астана қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ-сі 20 қазан күні Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі мен Республика күндеріне орай мерекелік концерт өткізді. Іс-шараны «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» басшысы Илья Васильевич Скуб және Орталық директоры Рысты Жағапарқызы Баймағамбетова құттықтау тілектерімен бастап, Орталықтың үздік қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл салада әрбіріңіздің қосқан үлестеріңіз үшін, еселі еңбектеріңіз үшін шыдамдылықтарыңыз бен аса мейірімділіктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
#РеспубликаКүні#ДеньРеспублики