Ағымдағы жылдың 21 қарашасында “Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы” ММ-нің басшысы Скуб Илья Васильевич және басқарма басшысының орынбасары Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» жаңа ғимаратында басталған оңалту іс-шарасының алғашқы күнімен құттықтап қайтты. Іс-шара барысында қызмет алушылардың заңды өкілдерімен, балалармен әңгімелесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Орталықтың әкімшілік бөлімінің қызметкерлерімен және оңалту іс-шарасын көрсететін мамандармен кездесіп, алдағы уақытта сапалы қызмет атқару барысында аянбай ету керек екеніндігін атап өтті.