1- шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жансая”әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3- Бөлімшесінің оңалту іс-шарасының сонғы күнінде,дәстүрлі түрде ерекше мереке болды.Біздің тәтті бүлдіршініміз Санарбек Мәншүктің алғашқы қадам басуына байланысты “Тұсау кесер” рәсімі өтті. Тұсау кесу рәсімін “Нұр- Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының” орынбасары Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы тұсауын кесіп,Мәншүк қызымызға ақ жол тілеп өзінің ыстық тілектерін білдірді.Орталығымызда осындай жаңалықтар көп бола берсін,бүлдіршіндеріміздің қадамдары нық болсын!