Ағымдағы жылдың 28-29 қарашасында “Жансая” ӘҚКО әлеуметтік қызметкерлері арасында қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – “Замандас” психология орталығы ұйымдастырған “Отбасы мен ерлі-зайыптыларда зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынастарды қалыптастыру” тақырыбында семинар өткізілді. “Келешек” орталығының жетекшісі, I санатты отбасы психологы Семененко Наталья орталық қызметкерлері арасында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін көтерді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған арнайы іс-шарада АҚШ-тың Минессота штатының тәжірибесі де талқыланды.
Орталық қызметкерлері алған ақпарат әлеуметтік осал топпен тікелей жұмыс барысында пайдалы болатыны сөзсіз.