Паралимпиадалық жаттығу орталығында «Балалар жылы» аясында Астана қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы "Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-мен бірлесе қызмет алушыларымен ата-аналары арасында «Ерекше балаларды қолдау күніне» арналған «Көңілді старт» спорттық ойын сайысын өткізді. @Sport_astana , @Elordasport , @Samat_zhylkybayev, Көңілді жарыс іс-шарасын бастар барысында әлеуметтік мекемелер мен арнаулы қызметтер қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы @upravlenie_zanyatosti Тыныбекова Жанар Мұратқызы, Астана қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Баймағамбетова Рысты Жағапарқызы, паралимпиадалық жаттығу орталығының директоры @ptc_tarlan Кияков Маргулан Талгатович қызмет алушылармен ата-аналарды мерекелермен құттықтап, сәттіліктер білдірді.Сондай ақ жарысымызды өткізу үшін әділқазы алқасы тағайындалып, көңілді мультфилм кейіпкерлері жылы сөздермен әрі әдемі күлкі сыйлады. Балалар мен ата-аналар үлкен сергектік пен жарқын көңіл-күймен және де әр ойынға шапшаңдығымен, белсенділігімен белсене қатысты. Іс-шарадан кейін жарыстың барлық қатысушылары сыйлықпен марапатталып жақсы эмоцияларға ие болды.