2022 жылдың 04.07.2022ж.-15.07.2022ж. аралығында КММ “Жансая” Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының №4  бөлімшесінің қызмет алушы   балаларына арналған “Отбасым-бақытым, балалар-байлығым” атты іс-шарасы өткізілді.

Жарияланған күні:
2022-18-07 сағат 11:38

Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға, тірек – қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету №4 бөлімшесі.

2022 жылдың 04.07.2022ж.-15.07.2022ж. аралығында КММ “Жансая” Әлеуметтік қызметкөрсетуорталығының №4  бөлімшесінің қызмет алушы   балаларына арналған “Отбасым-бақытым, балалар-байлығым” атты іс-шарасыөткізілді. Оңалтуға келген  балалар саны 48.

04.07.2022 екінші ауысымда№4 бөлімшесінің кезектіем-шаралык оңалту он күндiгi басталды. “Отбасым-бақытым, балалар – байлығым“ атты оңалту онкүндігініңалғашқы күнінде орталыкқа логопед-дефектолог Бейсенова Сауле Рыспаевна келді.

Сауле Рыспаевна «Даун синдромы бар балалардасөйлеуді калай дамыту керек?» көптегената-аналардың алаңдататын мәселесі екенін айтып,ата – аналармен кездесуөткізді. Бірнеше жаттығуларкөрсетіп, ұсыныстар айтты.

05.07.2022 күні оңалту онкүндігінің екінші күні орталығымызға “Данель” сұлулық салонының ұжымы келді. Данель сұлулық салонының ұжымы ата-аналар мен балаларға жаңа шаш үлгісін жасап, әсемдік, әдемілік сыйлады.

05.07.2022 күні Елорда күніне орай орталығымызда шағын концертұйымдастырылды. Концерттік іс-шарада Басқарма басшысы және орталық директоры атынан әріптестер мерекелік алғыс хаттарға ие болды.

07.07.2022 күні Сиқыршы Игорь Овсейчик келіп, өзінің ғажайып өнерімен балаларды таң қалдырды.

07.07.2022 күні психолог мамандар Аяшова Гүлнұр Жүрсінқызы және Зарина Қаһарман келді. Ата-аналармен тренинг ұйымдастырып, өмірлік қиындықтарды жеңу жолдары мен бағыттарын көрсетті.

08.07.2022  және  13.07.2022 күндері орталығымызда әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен екі ауысым ата-аналарына “Армандар картасын” жасаттық. Өте қызықты өтті, ата-аналар белсенділікпен қатысты.

08.07.2022күні аниматорлар Королевство детских праздников Белая Екатерина Олеговна және Белый Елисей Елисеевич келіп балалардың көңіл-күйлерін көтерді.  08.07.2022 күніекі ауысым балаларына да “Додо пицца” ұжымы балаларға қайырымдылық ретінде пицца таратты.

11.07.2022 күні екі ауысым ата-аналарымен құрбан айт мерекесін атап өттік, ата-аналарға кішігірім дастархан жайылды.

11.07.2022 күні екінші ауысым ата –аналарымен психолог Бекмухамбетова Альнура Нурланқызы “Бақытты отбасын қалыптастыру” тақырыбында тренинг ұйымдастырды. 

12.07.2022 күні орталығымызға Қуыршақ театрының актерлары келіп, қасқыр мен бұзау қойылымын қойды. Ата-аналар мен балаларға жақсы әсер қалдырып, көңіл-күйлерін көтерді.

12.07.2022 күні әлеуметтік қызметкер Айнагуль Амиржановна аналарға мастер класс көрсетіп, маникюр жасап, ата-аналардың беттерін әрледі.

13.07.2022 күні әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен екі ауысым балалары ата-аналарымен бірге өз қолдарынан пицца пісірді. Анасы мен баласының біріккен жұмыстарына барлығымыз риза болдық, өз қолдарынан шыққан пиццаны оңалту ем шарасында жүрген барлық балалармен бөлісіп жеді.

14.07.2022 күні“Отбасым бақытым, балалар – байлығым” атты тақырыпта оңалту онкүндігінің аяқталуына орай шағын концерт ұйымдастырылды. Ата-аналар іс-шарада Отбасы тақырыбын ашып, қолдарындағы әріптерден басталатын тілектер айтты. Орталық мамандарына ризашылықтарын білдірді. Соңында  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Басқарма басшысы және орталық директоры атынан әріптестеріміз мерекелік алғыс хаттарға ие болды.

15.07.2022 күні орталығымыздың қонақтары Лим-по-по аниматорлары келді. Балаларды ойнатып, билетіп, ұмытылмас мереке сыйлады.

15.07.2022 күні 1 ауысым ата-аналарына Тұрсынбекова Ақтолқын Ғабидоллевна келіп, ата-аналармен  тренинг ұйымдастырды. Түрлі жаттығулар көрсетіп, ата-аналарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

15.07.2022 күні оңалту онкүндігінің соңғы күнінде екі ауысымның ата-аналары шай ұйымдастырды. Дастархан барысында бір-біріне тілектер айтып, оңалту онкүндігінің жақсы өткенін атап, әлеуметтік қызметкерлер мен орталық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Жарияланған күні: 2022-18-07 сағат 11:38
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-2022-zhyldy-04-07-2022zh-15-07-2022zh-araly-ynda-kmm-zhansaja-leumettik-yzmet-k-rsetu-ortaly-yny-4-b-limshesini-yzmet-alushy-balalaryna-arnal-an-otbasym-ba-ytym-balalar-bajly-ym-atty-is-sharasy-t/