№3 бөлімшесінің 14.06.22-01.07.2022 аралығында жүргізілген оңалту іс-шарасы

Жарияланған күні:
2022-4-07 сағат 16:53

№3 бөлімшенің оңалту іс-шарасы жүргізілді.
№3 бөлімшенің оңалтуға бастапқы берілген балалардың саны 45 болса,толық ем қабылдаған балалардың саны 43 құрайды оның ішінде 2 қызмет алушы денсаулығына байланысты оңалту ем шараларына келе алмады.

14.06.22 №3 Бөлімшесінің “Ертегілер әлемі” атты оңалту іс шарасы жалғасын табуда бүгін орталықта ата -аналарға арналған,3- бөлімше әлеметтік қызметкері Еңдібай Айгерім Жанатқызы Сүтті қыз атты тәтті торт үй жағдайында дайындау жолдары жайлы мастер класс өтті,ата-аналар өзіне керекті барлық ақапараттады алып бірге дайындалған дәм тәтіп алғыстарын білдірді.
15.06.2022 – 3- Бөлімшесінің оңалту ем-шарасы жалғасуда бүгін орталығымға мастер Сюцай Айжарыкова Галима Габдрахмановна ата-аналарға қызықты “Өзіңді танып білу”атты треннинг жүргізді,ата-аналар өздерірің шынайы эмоцияларымен болысып сұрақтарына жауап алды.

16.06.22. Алексей Шкипердің Мәскеу рефлексология институтының тренингі, отбасылық пікірлерді нейрорелаксациялау ата-аналар үшін Соловьева Инна Николаевна өткізді.

22.06.2022 3-Бөлімшесінің оңалту ем-шарасы жалғасуда бүгін балалардың және ата аналардың көңіл күйлерін көтеру мақстатында орталығымға ерекше өнер иесі сыйқыршы Игорь Осейчук келді.Балалар мен ата-аналар қатысумен шоу көрініс өте қызық сыйкырға тола болып өтті.
23.06.2022 Бүгін 23- маусым күні 3- Бөлімшесінің оңалту іс-шарасында қонақта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Құыршақ театры” өздерінің ” “Қаңбақ Шал” атты ертегі койылым көрсетті,балаларға ертегі өте көтерінкі көңіл күй сыйлады,және де көптеген жағымды эмоциялар алды.Қойылым соніңда Құыршақ театрының ұжымына алғыс білдіріп орталық тарапынан алғыс ретінде сыйлық табысталды..Құыршақ театрі ұжымына Алғысымызды білдіреміз
01.07.22. Бүгін, 1- шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жансая”әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3- Бөлімшесінің оңалту іс-шарасының сонғы күнінде,дәстүрлі түрде ерекше мереке болды.Біздің тәтті бүлдіршініміз Санарбек Мәншүктің алғашқы қадам басуына байланысты “Тұсау кесер” рәсімі өтт.Тұсау кесу рәсімін “Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының” орынбасары Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы тұсауын кесіп,Мәншүк қызымызға ақ жол тілеп өзінің ыстық тілектерін білдірді.Орталығымызда осындай жаңалықтар көп бола берсін,бүлдіршіндеріміздің қадамдары нық болсын!
01.07.2022 3-Бөлімшесінің оңалту іс-шарасының соңғы күні, балаларға ата -аналардың қатысумен дастархан жайылды. Дастархан басында ата-аналар өткен оңалту туралы өз ойларын,қандай әсер алғандарын айтып орталыққа,ұжымға алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді және келесы оңалтуды асыға күтетіндерін айтып көтерінкі қөңіл күйде кезекті іс-шараны аяқтады.Осы орайда бізде ұжым атынан ата-аналарға өз ризашығымызды білдіреміз.
Жалпы қортындылай келе, осы он күндік оңалту іс-шарасынан ата-аналар мен балалардың алған әсері өте жоғарғы деңгейде болды. Біз үшін балаларға бұл оңалту іс-шарасы нәтежиелі болуы. Ата-аналар оңалтудың жоспар бағдарлама бойынша жүргізілгеніне көңілдеріннен шықты. Оларға осы бағыт қатты ұнады және жүргізілген іс-шарадан өздеріне керекеті мәліметтер мен көңілді ойындарға өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Жарияланған күні: 2022-4-07 сағат 16:53
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-3-b-limshesini-14-06-22-01-07-2022-araly-ynda-zh-rgizilgen-o-altu-is-sharasy/