“Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының № 6,7 бөлімшесінің қызмет алушылары ата-аналарымен қала сыртында орналасқан Қосшы қаласында орналасқан “Пикник” демалыс аймағына барып демалып қайтты.
Жазғы маусым нағыз суға түсіп шомылу үшін жан сергітер кезең. Ашық ауада демалу дене және ақыл-ой қызметін тынықтырады, қарым – қуатты жетілдіреді. Осы орайда ата-аналар мен балалар күннің көзінен нәр алып, қыздырынып, суға түсіп мәз- мейраммен жадырап, бой сергітті.
Осындай іс-шараны ұйымдастырған орталық ұжымына ата-аналар ризашылығын білдіре отырып, өз алғыстарын жеткізді.