29.04.2023 күні “Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күні” аясында “Болашақ” корпоративтік қоры ұйымдастыруымен “Run for autism” атты жүгіруден қайырымдылық жарысы өтті.
⠀
Орталық директорының арнаулы әлеуметтік қызметтер жөніндегі орынбасары Кәмен Диана, экономист маман Камалиева Жанна, аутизм диагнозды балалармен жұмыс бөлімшесінің меңгерушісі Дилдебаева Айнур жүгіруге қатысты .
Аутизм диагнозды балалармен жұмыс жасайтын №5 бөлімше әлеуметтік қызметкерлері келіп жанкүйерлік қолдау көрсетті. Осылай “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аталмыш шараға белсенді қатысу арқылы аутизм мәселесі жайлы ақпаратты тарату қызметіне өз үлесін қосты.