Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде орталықта жыл сайын 1 мамырда елімізде атап өтілетін Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтілді. 8 бөлімше қызметкерлері мен орталықтың мамандары арасында мерекелік байқау өткізілді, онда еліміздің аумағында тұратын халықтардың әндері, билері, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері орындалды, сондай-ақ әр халықтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Өз ұлтын лайықты түрде таныстыру үшін қызметкерлер мерекеге мұқият дайындалды: концерттік нөмірлерді қайталады, ұлттық костюмдер дайындады, тұсаукесер-әңгімелер құрастырды. Басқа ұлттардың мәдениеті мен дәстүріне қарау өте қызықты болды, бұл ұлттық тұтастықты нығайтады, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда достықты қамтамасыз етеді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар 9 номинация бойынша грамоталармен марапатталды, сондай-ақ сыйлықтар табысталды.