Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұйымдастырған қайырымдылық бал-маскарад өтті

Жарияланған күні:
2024-28-02 сағат 12:25

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының ұйымдастырылуымен қайырымдылық бал-маскарад өткізіліп, сол іс-шарада жиналған қаражатқа мүмкіндігі шектеулі балаларға, соның ішінде біздің Орталығымыздың да екі қызмет алушымызға арнап оңалтуға арналған жабдықтар табысталды. Бұл іс шарада «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Кәмен Диана Қасымқызы және №4 бөлімше меңгерушісі Тойгамбекова Мульдир Ерулановнаның да қосқан үлестері аз емес, яғни бұл қайырымдылық жобаның басынан аяғына дейін келіссөз жүргізіп, ағымдағы жылдың 28 ақпан күні қызмет алушы балаларға оңалту жабдықтарын ресми түрде табыстау сәтінде де қатысып, қолдау көрсетті. Ата-аналар мұндай іс-шараға риза болып, өз алғыстарын білдірді. Мұндай қайырымдылық бастамалары мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп қана қоймай, оқушылардың жанашырлық пен жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал етеді деген үмітпен, білімді, ұстанымы бар, қоғамдық өмірге белсене араласатын Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларына халыққа қызмет ету жолындағы еңбектеріңізге жеміс, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, береке тілейміз!

Жарияланған күні: 2024-28-02 сағат 12:25
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/ru-blagotvoritelnyj-bal-maskarad-organizovannyj-uchashhimisja-nazarbaev-intellektualnoj-shkoly/