Бүгін «Жансая» орталығының базасында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің әлеуметтік мекемелер мен арнаулы әлеуметтік қызметтер қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы Есімова Г.Е., орталық директорының орынбасары Кәмен Д.К., мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үшін жеке жұмыс жоспарларын дайындау, орындау және мониторинг бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды және өткізілді.ӘҚК маманы Кадралинова Ж.Ж. және бөлім меңгерушілері Сейтахметова Қ.Е. мен Рысқұлова А.А. оқыту барысында ЖЖЖ толтыру тәртібі, мониторинг және әлеуметтік қызметкерлердің үйде көрсетілетін қызметтерінің дұрыс толтырылуы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қандай жағдайларда ЖЖЖ және мониторингке өзгерістер енгізу қажет екендігі көрсетілді.
Үйде әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты қарастырылды. Семинар соңында барлық қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету тәртібімен тағы да танысты.