Бүгін орталығымызда «Дос күні» қарсаңында спортқа бейім қызмет алушы балаларымыздың арасында көңілді эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Басты мақсат: балалардың өздеріне деген сенімін, жеңіске талпынысын ояту, спортқа, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу. “Көңілді старт” қатысушылары жарыстың барлық кезеңдерінен барынша сүрінбей өтуге тырысты, ал “арқан тарту” кезеңінде ата-аналар балаларды қолдап, тіпті өздері де арқан тартысып кетті. Қатысушы балалар белсенділіктері үшін орталық тарапынан грамота мен арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жарысты тамашалаған ата- аналар орталыққа ризашылығын білдіріп, жақсы көңіл- күймен тарасты.