15.10.2024 жылы “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кезекті ем- шара қызметін алу кезінде, № 8 бөлімшенің қызмет алушысы Кеңес Әмірдің тұсауын кесу рәсімі өтті. ЕДШ маманы Нұрдаулет Қайратұлы Әмір баламыздың жүруіне себепкер болып, тұсау кесу рәсімі бұйырды. Әмірдің ата – анасы өз алғыстарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді. Балапанның жолы әр қашан ашық болсын деп тілейміз.