Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Астана қ. Діндерді зерттеу орталығының өкілдері Қайдар Мирас Қабиденұлы мен Антипин Александр Юрьевич орталық қызметкерлері арасында “Діни сауаттылықты арттыру” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл кездесудің мақсаты діни экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ зайырлы мемлекеттің дәстүрлеріне, мәдениеті мен құндылықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыру болып табылады. Қызметкерлердің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.