Оңалту кезеңі аясында бірінші бөлімшенің әлеуметтік қызметкері А.З. Сарсеновамен қызмет алушыларымыздың ата-аналары үшін руникалық үлгі бойынша мастер-класс өткізілді. Әр қатысушы руникалық үлгі бойынша материалдық, рухани әлеммен, және күнделікті жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап алды. Барлық мастер-классқа қатысушылар риза болып, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар оңалту шарамызға өз үлесін қосуға ниет білдіріп, балаларымыз бен олардың ата-аналарының шашын қиып, сәндеп берген шаштараз маманы Мақсұт Күлниса ханымға шығармашылық табыс тілей отыра, алғыс білдіреміз!