Ағымдағы жылдың 10-12 шілде аралығында орталық тарапынан 40 әлеуметтік қызметкер «Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру» бағыты бойынша біліктілікті арттыру оқу курсын өтті. Әрбір әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіби білімі мен іскерлігін үздіксіз жетілдіріп отыратын, құзіретті маман болу керек. Бұл жолда ең бірінші білімді жетілдіруге мүмкіндік беретін, кәсіби шеберлікті шыңдап дамытып отыруға аса қажетті нысан – біліктілікті арттыру курстары.
Курс аясында әлеуметтік салада туындайтын түрлі жағдаяттарды шешуде өзара тәжірибе, пікір алмасуына мүмкіндіктер жасалады.
Қорыта айтқанда әлеуметтік қызметкер біліктілік курстарынан өту арқылы жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсаттары мен міндеттерін меңгере отырып, тиімді қолдануды игереді.