Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде орталық қызметкерлеріне АЭС салу туралы референдумына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Астана-АЭК» АҚ пайдалану және қауіпсіздік техникасы сенімділігі қызметінің басшысы Болат Жақанов сұрақтарға жауап беріп, атом энергетикасы және АЭС құрылысы тақырыбында мәліметтермен бөлісті.