Ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде “Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы” ММ тарапынан кәсіби, біліктілік даярлығының деңгейін, қызметкерлердің еңбек дағдыларына, құзыреттілігінің атқаратын лауазым талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында аттестаттау өткізілді, ол 2 кезеңде өтті: тестілеу және әңгімелесу. Аттестаттаудың бірінші күнінде 29 қызметкер атқарған лауазымына сәйкес өтті, екінші күні 35 қызметкер біліктілік санатын беруге өтті.