Иппотерапия (грек тілінен аударғанда hippo – жылқы) – «жылқының көмегімен емдеу» деп аталады. Атқа міну тірек-қимыл аппаратының дамуын, координацияны жақсартады және төзімділікті жаттықтырады. Атпен жүруге барлық дерлік бұлшықет топтары қатысатындықтан, шабандоздың жалпы физикалық дамуы жақсарады. Бұл бұлшықеттерді босаңсытады және басқа процедуралармен жойылмайтын блоктарды жоюға мүмкіндік береді.
Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2024 жылдың 17 қыркүйегінен бастап иппотерапия қызметін бастады. Иппотерапия қызметі Қарқаралы тас жолы, 1 мекен-жайы бойынша «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде аптасына 1 рет көрсетіледі.