Қалалық медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесу

Жарияланған күні:
2023-31-01 сағат 9:46

Ағымдағы жылдың 30  қаңтар күні Астана қаласы бойынша психоневрологиялық патологиялары мен тірек қимыл аппараты бұзылған ұйымдастырылмаған балаларды анықтау қағидатын іске асыру мақсатында Астана қаласы бойынша медициналық ұйымдар арасында  ынтымақтастық шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің базасында «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің басшысы Скуб Илья Васильевич пен қалалық медициналық ұйымдар өкілдерімен оффлайн кездесу өтті.

Ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің мақсатын Басқарма басшысы И.В. Скуб айқындап, Орталық директоры Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы модератор ретінде  бүгінгі күннің өзекті мәселерін талқылады.

Орталық директорының орынбасары Кәмен Диана Қасымқызы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес көрсетілетін қызметтер туралы және Орталықтың жұмысы туралы  жалпы ақпарат берді. Қалалық медициналық ұйымдар өкілдеріне Орталық директорының орынбасары Жандуллаев Жәнібек Таласбайұлы экскурсия жүргізіп, жартылай стационарлық жағдайда көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.

Сонымен қатар іс-шараға БАҚ өкілдері ақпараттық қолдау көрсетті.

Жарияланған күні: 2023-31-01 сағат 9:46
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/ru-vstrecha-s-predstaviteljami-gorodskih-medicinskih-organizacij/