12.07.2023-13.07.2023 ж. “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары үшін табиғат аясына саяхат, тұнық табиғатымен көз тартатын таңғажайып әсем жер – Бурабайға саяхат ұйымдастырылды. Табиғатта психологиялық тұрақтылықпен бірге физикалық қуат деңгейі де өседі. Иә, шынында да қызмет алушылар мен олардың ата-аналары табиғат аясында болған кезде көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Демалыс, ойындар, жүзу, би билеу және ән айту барлығына күні бойы қуат берді. Бурабай өлкесіне қызмет алушылардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында директордың орынбасары Ж.Т.Жануллаев, Д.Қ. Кәмен және әр бөлімшелерінің меңгерушілері барды. Және де балалардың денсаулығын ескере отырып жедел жәрдем қызметтері жұмылдырылды. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, орталықтың барлық ұжымына мұндай тамаша күн үшін алғыстарын айтты.