2 сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні

Жарияланған күні:
2024-2-04 сағат 17:39

2 сәуір – аутизм диагнозы бар балалар барын бұқаралық ақпаратқа, көпшілікке жариялау күні. Осыған байланысты “Жансая” орталығы осындай балалар туралы хабарлап қана қоймай, сол балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың зор еңбегін атап өтеді және оларға мықты денсаулық , қажымас қайрат тілей отыра, атаулы жанұяларға мыңдаған алғысын жариялайды. 02.04.2024 ж. “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері қала тұрғындарынан “АСБ туралы не білесіз?” тақырыбында сұхбат алды, АСБ туралы мағлұматтар жазылған парақшалар таратты. Адамдар өте көп мағлұматтар алғаны туралы қуанышты екенін білдіріп, қызметкерлерге қолдау көрсетті. №6, №7 бөлімшелерінің оңалту ем шарасының бірінші жартысында орталығымызға “LAURA ABAT” өнер орталығының өнерпаздары келіп, балалар мен ата-аналарға ерекше көңіл -күй сыйлады. Өнерлі балалар әуелетіп ән салып, мың бұралып би билеп, домбырада күй шертіп өз өнерлерін паш етті.
Ал, күннің екінші жартысында орталығымызға “Даналық” колледжінің студенттері келіп өздерінің концерттік бағдарламаларын көрсетіп, ата-аналар мен балаларға қуаныш сыйлады.Студенттер ән мен күйден шашу шашып, мың бұралған биімен орталығымыздың ішін әрледі.

Жарияланған күні: 2024-2-04 сағат 17:39
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/ru-2-aprelja-vsemirnyj-den-rasprostranenija-informacii-o-probleme-autizma/