«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл». Міне, бүгін қазақ халқының ана тілінің болашағы үшін ерең еңбек еткен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақ әліпбиінің негізін салған ағартушы, ұстазымыздың туған күнімен сәйкес келген Тілдер мерекесімен барша Отандастарымызды құттықтай отырып, №8 бөлімшесінің қызмет алушысы Сейдімхан Ақмаржан Ахмет Байтұрсынұлының ” Кел, балалар оқулық” өлеңін тарту етті.