18 мамыр күні Астанадағы Триатлон саябағында «Run for Autism» жүгіруден қайырымдылық жарысына Орталық директорының орынбасары Диана Қасымқызы, №3 бөлімше меңгерушісі Айтбек Абдужаппарұлы, экономист маман Жанна Адилбековна және №8 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Айгуль Габдулкакимовна қатысты .
Run for Autism-ге қатысу дегеніміз әлеуметтік маңызға ие бастаманы қолдау мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ бұл ,балаларға тілектестік білдіріп, оның барлық мүшесі үшін ынтымағы жарасқан және инклюзивті қоғам құруға үлес қосу.
Run for Autism жүгіруден қайырымдылық жарысының ұйымдастырушысы – «Болашақ» корпоративтік қоры.
Барлық қаржы «Әр бала мектепке лайық» жобасына бағытталады.