Ағымдағы жылдың 17.04 мен 18.04 күндері «Болашақ» корпоративтік қоры «Шекараларды бұзу: аутизмі бар адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбындағы халықаралық конференциясын ұйымдастырды. Конференция спикерлері: АҚШ-тың Халықаралық мінез-құлық талдау ұйымының (IBAO) атқарушы директоры Майкл Мюллер, мінез-құлық бойынша сертификатталған сарапшылар мен супервайзерлер Дарья Браженкова, Наталья Фощунова және т.б.
Конференцияға біздің орталықтың аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен жұмыс істейтін бірқатар қызметкерлері қатысты.