Орталықтың жетістіктері

Астана қаласы әкімдігінің "Жансая" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

– 2022-2023 жылдар аралығында ата-аналардың, әлеуметтік қызметкерлердің және мамандардың кешенді жұмысының арқасында ауыр диагнозы бар 11 қызмет алушы аяғына тұрып, өзі жүруді үйренді. Сөйлеуді дамытудағы динамика 156 қызмет алушыдан байқалады;

 – оңалтудан өткен қызмет алушылардың саны бұрын 35 бала болса, қазіргі таңда 70 балаға дейін өсті, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді;

– 2023 жылдың 1 наурызынан бастап сыйымдылығы 80 орынға дейінгі аутизм диагнозы бар балаларға арналған жаңа қосымша бөлімше ашылды;

– орталық ғимаратында заманауи талаптар ескеріліп, кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық жағдайлар жасалды. Ғимараттың ауданы 452 шаршы метрге ұлғайды;

– қызмет алушылар үшін спорт залы жабдықталды, акт залында LED экран орнатылды;

– орталықта 5 нұсқаушысы бар 3 ЕДШ кабинеті және 1 нұсқаушысы бар бір БДШ кабинеті бар. ЕДШ кабинеттерінде нұсқаушылар арнайы диагнозы бар балаларды түзетуді немесе қажеттіліктерін ескере отырып, жеке жұмыс жүргізеді;

– қосымша «Жансая» кіші би тобы ұйымдастырылды, арт-терапия үйірмесі ашылды;

– әрбір қызмет алушының мүмкіндіктері мен жеке көзқарасын ескере отырып, рекреациялық терапия бойынша жұмыс ұйымдастырылды;

– ата-аналарға қолдау көрсету үшін психологиялық тренингтер, сұлулық қызметтері, мастер-класстар, қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелермен кездесу өткізіледі. 2023 жылы ата-аналарға 152 қызмет түрлері көрсетілді.