Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде қызмет алушылардың ата-аналары мен “Жансая” ӘҚКО қызметкерлері үшін “Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы” ММ өкілдері – аудандардың әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау бөлімінің басшысы Салтанат Дүйсенқызы Станбаеваның және мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Сана Серікқызы Курумбаеваның қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау, санаторий-курорттық емдеу, серуендеу арбалары, ортопедиялық аяқ киім және т. б. қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.