Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қабырғасында «Әсем саз жүректен-жүрекке» атты «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен және Орталықтың қызмет алушыларының қатысуымен мерекелік шара өтті. Концерттік бағдарламада біздің балалар би билеп, ән салып, музыкалық аспапта да өз өнерлерін көрсетті. Концерт барысында Еуразия ұлттық университетінің студенттері де өз өнерлерін ұсынды және әлеуметтік- мәдени даму жөніндегі проректоры Нұрқатова Лязат Төлегенқызы өзінің Орталыққа және де біздің қызмет алушыларға деген алғысын білдірді. Барлық қатысушылар университет атынан алғыс хаттармен марапатталды.