Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні мүгедектігі бар балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырудағы білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарының өзара ынтымақтастық шеңберінде Астана қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің базасында қалалық басқармалар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл отырыста үй жағдайында қызмет көрсетуде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы көптеген өзекті мәселер талқыланды.