Жана жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін мерекелерінің бірі. Қызмет алушыларына «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрымен» бірлесе ұйымдастырылған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс шара өтті. Орталығымызға балалар мен ата-аналарды құттықтап Астана қаласы маслихатының төрағасы Каналимов Ерлан Ермекұлы және маслихат депутаттары, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету басқармасының басшысы Скуб Илья Васильевич және «Дәулеттен қорының» директоры Қуандық Жасұлан Бостандықұлы келіп, сыйлықтар табысталды.