Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы Паралимпиядалық даярлау орталығында “Инклюзивті черлидинг, чир-спорт және мажорет-спорт” бойынша мүмкіншілігі шектеулі балалар арасында ашық қазақстандық турнирінде Басқармаға қарасты мекемелердің қызмет алушылары өз өнерлерін көрсетті.
Фестиваль мақсаты – заманауи қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, инклюзивті қоғамның дамуы, салауатты өмір салтын насихаттау және паралимпиадалық спорт түрін дамыту болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жансая”әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” басты ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Мерекелік шараның ашылу салтанатында басқарма басшысы Скуб Илья Васильевич пен Орталық директоры Баймағамбетова Рысты Жағапарқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.