28.11.2023 ж. Астанамыздың төрінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балалар арасында «Арман асулары» II республикалық өнер фестивалі өтті. Мұндай ауқымды жобаға « Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығымыздың жан- жақты дарынды, сұлулық пен әсемдікке құмар балалары да қатысып, өздерінің нұрлы шуақтарын шашып, өнерлерімен қуантты. Ерекше көрмеге өздерінің туындыларын паш етіп, галаконцертте өнерлерін ортаға салған жас өнерпаздарымыз Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице- министрі А. Жүдебаевтың атынан қатысушылар мен жетекшілер Алғыс хатпен марапатталды.