Ағымдағы жылдың 29 қазан күні “Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні” мерекесіне орай Е. Рахмадиев атындағы филармонияда мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада саланың үздік қызметкерлері “Еңбек” медальдарымен, “Әлеуметтік еңбек саласының үздігі” төсбелгілерімен, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің Құрмет грамоталары, Астана қаласы әкімдігінің алғыс хаттары табысталды. №8 бөлімшенің әлеуметтік қызметкері Дүйсек Рагүл Өтегенқызы алғыс хатпен марапатталды.
Жұмыспен қамту басқармасының мекемелері арасында спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып сайыста Орталық қызметкерлері
1- орын Шахмат ойыны Муканова Мармар Ерсиновна
2- орын Шахмат ойыны Жұмабеков Нұрсейт Бақбергенович
3- орын Үстел теннисі Магауина Гульмира Сабуровна
жүлделі орынды иеленді.