Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында орталығымызда мерекелік концерт өтті. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Еркебұлан мен орталық директоры Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы құттықтау сөз сөйледі. К.Куанышбаев атындағы театр артисттары Жүнісов Біржан және
Измаилова Гауһар тыңдаушыларды сыңғырлаған әсем әуендерімен баурады.
Директоры Муканова Лаура Абатовна бастаған «Laura Abat» өнер орталығының жас өнерпаздары ән, күй, билерімен тәнті етті. Ата- аналар мен балаларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлаған өнерпаздарға алғыс білдіреміз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз.