Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Астана қаласы маслихатының төрағасы Каналимов Ерлан Ермекұлы, маслихат депутаттары “Жансая” ӘҚКО-на келіп, жұмыс барысымен танысты. Орталық тарапынан көрсетіліп жатқан кешенді қызметтерімен таныса отырып, мамандардың қажырлы еңбегі мен әлеуметтік қызметкерлердің қоғам үшін ерекше рөлі мен маңыздылығын атап өтті.