04.01.2023 ж. – 20.01.2023 ж. аралығында № 6,7 бөлімшелерінің қызмет алушылары үшін оңалту ем-шарасы өтті. Жалпы бала саны – 67 жазылды, оның ішінде 1 қызмет алушы денсаулығына және отбасылық жағдайға байланысты келе алмады. 66 қызмет алушы толығымен оңалту ем шарасын алды. Он бес күндік ем-шара барысында балаларға, ата-аналарға әр түрлі қоғамдық, пайдалы, мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Оңалту ем-шарасы уақытында аналардың бос уақытын ескере отырып, таңертеңгі және түстен кейінгі аналармен ұсыныстарын сұрай, сұхбат жүргізілді. Сондай ақ Жаңа жылмен құттықтап орталықпен таныстыру шарасы жүргізілді. Өткізілген он бес күндік оңалту ем-шарасының соңғы күні мәдени іс-шараларға және мамандарға ата-аналар өз ризашылықтарын айтып, алғыс білдірді.