Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында «Жансая» ӘҚКО-да бүлдіршініміз Жұмабай Алфияның қадамы нық болсын деп Тұсау кесу рәсімі өткізілді. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Таласова Айгүл Тілешқызы бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ тілектерімен жылы лебіздерін білдірді, іс-шара «Bala time» балалар мен жасөспірімдер өнер студиясының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.