Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында № 2 бөлімшенің қызмет алушысы Адилжанов Мадиёрға “Тұсау кесу” рәсімі өткізілді. Бұл миссия “Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы” ММ-нің басшысы Скуб Илья Васильевичке жүктелді. Бүлдіршініміздің тұсауын кесіп, өзінің жылы лебізін білдіріп , болашақта сенімді нық қадам мен денсаулық және үлкен сәттілік тіледі. Сондай-ақ қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Іс-шара Орталық қызметкерлерінің талантты қойылымдарымен жалғасын тапты.