Әлеуметтік қызметкерлер “Жасыл Жайлау” орталығында оқудан өтті

Жарияланған күні:
2023-4-10 сағат 17:25

«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының №8 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері «Жасыл жайлау» арнайы білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу орталығында оқытудан өтті. «Жасыл жайлаудағы» оқу барысында әлеуметтік сала мамандары, әсіресе, жас қызметкерлер жігерленді, жаңа білімдер алды. Тіпті үй жағдайында түзету жұмыстарының сапасын арттыру үшін TEACCH, PECS және сенсорлық интеграцияның тиімді технологиялары мен әзірлемелерінің элементтерін бірден енгізе бастады.
Бұл кәсіби құзыреттілік пен әрекетке дайындықты арттырды. Осы арқылы жұмыста туындайтын қиындықтар мен басқа да мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мазмұнды өтті.
Тәжірибелік нәтижелердің презентациялары РАС және аутизм диагнозы бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарына қатысты практикалық ұсыныстар, жадынамалар, буклеттер арқылы жасалды.
Осындай оқытудан өтуге мүмкіндік бергені үшін Жасыл Жайлау орталығының басшылығына Нугуманова Гульбану Мансуровнаға, Фафашкина Алтынай Мансуровнаға, Гульмира , Төреқыз педагог- психолог мамандарына алғыс айтамыз. Орталықтарыңыз кеңейіп, көркейсін, ең бастысы жақсы динамика, оңды нәтижелер көп болсын деп тілейміз.

Жарияланған күні: 2023-4-10 сағат 17:25
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/ru-socialnye-rabotniki-otdelenija-8-proshli-obuchenie-v-centre-zhasyl-zhajlau/