Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері үшін ашық аспан астында, табиғат аясында тимбилдинг ұйымдастырылды. Мақсат – ұжымдық рухты қалыптастыру, әріптестердің бір-бірімен бейресми жағдайда қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Спорттық ойындарға ерекше көңіл бөлінді. Командалық ойындар, эстафеталар арқылы ұжымдық рухты дамытуға, бірлік сезімін арттырды қызметкерлер арасында сенімділікті дамыту, бір-бірінің жеке ерекшеліктерін түсіну және қабылдау, бірлескен іс-әрекеттерге мотивация берілді.
Сондай-ақ, Орталық әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының жетекшілері дәмді түскі ас ұйымдастырып, әркім өз тілектерін айтып, жақсы көңіл-күймен бөлісті.
Тимбилдинг керемет өтті. Пікірлер әртүрлі болды, барлығы оңды, жағымды болды. Қатысушылар қуат пен позитивтің максималды зарядын алды, көп күлкі мен жақсы көңіл-күй алды.Осы шараны ұйымдастырған Орталық әкімшілігіне және кәсіподақ ұйымына алғыс айтамыз!