Ұлттық мүддені қорғайтын, елдің сұранысын ескере отырып, әркез екі тарапқа да тиімді шешімдер ұсынатын, балалардың бақыты мен болашағын алға қоятын “Аманат” партиясы ” Наурыз” мейрамы қарсаңында, қасиетті рамазан айында ” Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушы балалары үшін ел ордасы Астананың төріндегі “Ailend” отбасылық демалыс орталығында қызықты әрі есте қаларлықтай көңілді демалыс ұйымдастырды. Балалардың қуанышында шек болмады, барлық ойын алаңдарын қызықтап, зерттеп үлгерді. Орталығымыздың балаларына күнделікті қарбалаңнан демалып, көңілді уақыт өткізуге мүмкіндік бергендері үшін ата- аналар мен орталық тарапынан ” Аманат” партиясына алғысымызды білдіріп, барлық ұжымға сәттілік, биік істер, орындалған мақсат, армандар тілейміз!