Көктемнің алғашқы күні және алғыс айту күніне сәйкес тұсау кесу рәсімі өтті. Бала аяғын нық басып, тезірек жүріп, жолы ақ болсын деген ниетпен ,ата -анасының сұрауы бойынша орталығымыздың директоры Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы Әлинұр балақайымыздың тұсауын кесті.Халқымыздың ырымы бойынша, баланың болашағы зор болсын деген ойы , кітап таңдауына түскенде ата -анасы қатты қуанды.Әрқашан жолы ақ болсын деген тілекпен, орталығымыздың балаларына тәттілер таратылып, аниматорлар балақайладың көңілдерін көтерді.